ВСЕ О ЖИЗНИ СЕЛЬСКОГО
ХОЗЯЙСТВА В КАЗАХСТАНЕ

Ақмола облысындағы «Терлецкий сад» отбасылық питомнигі

Ақмола облысында «Терлецкий сад» отбасылық кәсіпорны Астананы және өңірдегі басқа да елді мекендерді көгалдандыруға арналған сәндік өсімдіктер өсіреді. Питомник 2019 жылы жеке учаскені абаттандырудан басталған. Алғашқы көшеттерді көршілері сатып алған. Уақыт өте келе шағын отбасылық кәсіп толыққанды бизнеске айналды.

Бүгінде питомник шамамен бір гектар аумақты алып жатыр. Мұнда біржылдық және көпжылдық гүлдер, бұталар мен қылқанжапырақты өсімдіктер өсіріледі. Биыл кәсіпорын 250 мыңға жуық өсімдік өндіріп, сатты. Ал қолданыстағы аумақ өндіріс көлемін 450 мың данаға дейін арттыруға мүмкіндік береді.

Негізгі сатып алушылардың қатарында Астана тұрғындары мен ұйымдары, ландшафт дизайнерлері, агрофирмалар және өңір кәсіпорындары бар. Өсімдіктердің едәуір бөлігі қаланы көгалдандыру жобаларына алдын ала бөлінеді.

Питомникте қол еңбегі мен заманауи технологиялар қатар қолданылады. Көшеттерді отырғызу жұмыстары қолмен жүргізіледі, ал суару жүйесі автоматтандырылған. Өсімдіктің әр түріне қажетті микроэлементтер құрамы арнайы дайындалған субстраттар пайдаланылады. Олар Германиядан жеткізіледі.

Питомниктің негізгі бағыттарының бірі — жергілікті климатқа бейімделген гортензия, туя, арша, шырша және басқа да сәндік өсімдіктерді өсіру. Кәсіпорын иесі Надежданың айтуынша, дала жағдайында өсімдікті сәтті өсірудің басты шарттары — дұрыс орын, су және сорт таңдау.

Кәсіпорын маусымдық режимде жұмыс істейді — шамамен сәуірден қазан айының соңына дейін. Отбасының тәжірибесі көрсеткендей, Ақмола облысының қатаң климатында да жергілікті жағдайдың ерекшеліктерін ескеріп, тұрақты жасыл аймақтар қалыптастыруға болады.